Facebook
табысы төмен 150 отбасына пәтер салып бермек. Ол танымал әлеуметтік желінің
штаб-пәтерінің маңында орналаспақ. Мәселе Фейсбук компаниясы штаб-пәтерінің
даму жоспары таныстырылған кезде туындады. Оны компания әкімшілігі Менло-Парк
қаласы әкімішілігіне ұсынған еді. Компания жаңа тұрғызылатын корпусқа 6 500
адамды жұмысқа алу мақсатын қойған.
Алайда
қала тұрғындары әкімшіліктің құрылыс жұмыстарына рұқсат беруіне қарсы шығып
отыр. Олардың пікірінше, шағын қалада қосымша 1 500 пәтерлі тұрғын үй салу онсыз
да баспанасыздар көп қала тұрғындарын ашындырып алуы мүмкін. Бұған жауап
ретінде Facebook компаниясы тұрғызылар көппәтерлі үйлердің 15 пайызын табысы
төмен отбасыларға үлестіріп беру жайын ұсынды. Бұған қоса қала инфрақұрылымына
инвестиция тартып береміз деп отыр. Компанияның бұл ұсынысынан қала билігі бас
тарта алмай, қабылдаған көрінеді.