Алматыдағы трамвай депосы енді жастарға қызмет етпек. Бүгін аталған орында «Рухани жаңғыру» атты орталық салтанатты түрде ашылды. Қалалық жастар саясаты басқармасының мәліметіне сай, мұнда тегін ағылшын тілі оқытылады. Жастардың баспана мәселесін шешуіне де бағыт бағдар берілмек.
Шыңғыс Беспармақов, Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма төрағасы:
Тек қана консультация беру емес, бос орындар туралы ақпарат. Мемлекеттің бағдарламаларға қалай қатысып, қалай үй мәселесін шешуге болады. Өзінің жеке кәсібін ашуға болады. Жан-жақты жастарды орталығы болады болашақта.
Екі
жыл бұрын мұндағы трамвайлар ірі жол апатына себеп болған еді. Содан бері деподағы 17 трамвай қаңтарылып тұрған. «Алматыэлектротранс» серіктестігі
басшылары рельсті көліктерге қызығушылар болмаса, қыркүйек айының соңында
аукционға шығарамыз деп хабарлады. Жыл аяғына дейін сатылмаса, утилизацияға
кетеді деген еді. Сол трамвайлар бүгін жастар орталығын әрлеуге арнайы
қойылғандай әсер етті.
Алматыда жыл
сайын 30 мыңдай студент ЖОО қабылданады. Ал 35 жасқа дейінгі жастар қала
тұрғындарының 45 пайызын құрайды.