Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қазақстан азаматшасы Сингапур полицейлеріне пара беріп, бір айға түрмеге қамалды

AstanaTV
17.07.2017ж. 20:00
2764
Қазақстан азаматшасы Сингапур полицейлеріне пара беріп, бір айға түрмеге қамалды

Ал, Сингапур полицейлеріне пара ұсынбақ болған Қазақстан азаматшасы  бір айға түрмеге қамалды. 26 жастағы қазақстандық Елена Калугина шет елдің құқық қорғаушыларына 2 мың 150 доллар пара беруге әрекеттенген. Осы қылығы үшін 4 аптаға бас бостандығынан айырылды. Бұл жөнінде The Straits Times-ке сілтеме жасап, Қазақпарат хабарлайды.

Ол құқық қорғау органы өкілдеріне ақша ұсынғанын мойындаған. Сот үкімі бүгін шықты. Сингапур полицейлерінің мәліметі бойынша, Қазақстан азаматшасы виза режимін бұзған. Сөйтіп оны тексеруге келген полицейлерден пара беріп құтылғысы келген. Соттың бұл жазасы тым жеңіл екені айтылады. Мұндай қылмысы үшін Калугинаға 100 мың доллар көлемінде айыппұл салынып, жемқорлық үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төнген.