Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Екі бірдей министрлік шенділері 100 мың доллар парамен ұсталды

AstanaTV
17.07.2017ж. 20:00
1886
Екі бірдей министрлік шенділері 100 мың доллар парамен ұсталды

Екі бірдей шенді 100 мың доллар парамен ұсталды. Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының ресми сайты ақпарат таратты. Қос шенеунік орман шаруашылығын әуеден бақылауға қажетті тікұшақ сатып алу кезінде шет елдіктерден пара алып жатқан жерінде құрықталған.

13 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті құны 12 млн АҚШ доллары тұратын «МИ-171Е» маркалы тікұшақты сатып алуға жасалған келісімшартқа қол қою үшін шетелдік компания басшысынан 50 мың АҚШ доллары көлеміндегі параның бір бөлігін алғаннан кейін, ҚР ІІМ ТЖК  «Қазавиақұтқару» АҚ-ның бас директоры Досымбековті және ҚР АШМ «Қазавиаорманқорғау» қазыналық кәсіпорны бас директоры Сексенбаевты қылмыс үстінде ұстады. Параның жалпы сомасы 100 мың АҚШ долларын құрады.

Құзырлы органның дерегінше, қазір сот санкциясымен күдіктілер қамауға алынған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.