Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Өскеменде жойқын дауылдан зардап шеккен қария көз жұмды

AstanaTV
19.07.2017ж. 20:00
2258
Өскеменде жойқын дауылдан зардап шеккен қария көз жұмды

Өскеменде жойқын дауылдан зардап шеккен қария көз жұмды.  Еске салсақ, 81 жастағы қарттың үстіне шатыр құлаған еді. Салдарынан ауыр жарақат алған ол жансақтау бөліміне жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, зейнеткерге барлық ем-дом шаралары қолданылғанымен, аман алып қалу мүмкін болмады. Ал қария зардап шеккен шатыр Ұлттық экспертиза және сертификаттау орталығы ғимаратына тиесілі болатын. Мекеме ұжымы марқұмның отбасына 500 мың теңге көлемінде қаржы жинап берген.

Ертөлеу Мешімбаев "Ұлттық экспертиза және сертификаттау орталығы" АҚ  директоры:

Шатыр 2010 жылы жаңартылған, мердігерлер 2 жыл кепілдік берген еді. Қанша рет жел, боран болды, алайда осы уақытта дейін құлаған емес. Куәгерлердің айтуынша, сол күні 2 рет шатырды жел көтерген, үшінші ретте 8-10 метр қашықтыққа шатырды ұшырып әкеткен. Жерлеу рәсіміне материалдық көмек ретінде қаржы беруді ұйғардық.

Өскеменде тағы 3 адам дауылдан зардап шеккен еді. Олар түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, қазір жағдайлары қалыпты. Қалада апат салдарынан 35 ғимараттың шатыры бүлінді. Қазір прокуратура тексеру жүргізуді қолға алған.