Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ақмол ауылында сотталушы құқық қорғау қызметкерлеріне оқ атты

AstanaTV
20.07.2017ж. 20:00
3312
Ақмол ауылында сотталушы құқық қорғау қызметкерлеріне оқ атты

Ақмола облысында прокуратура ғимараты алдында атыс болды. Ақмол селосында ер адам құқық қорғау қызметкерлеріне оқ атып, кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл ақпаратты Бас прокуратура растады. 61 жастағы азаматтың ақша жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іске қатысы бар деп айыпталғаны белгілі болды. Өзге ақпарат әзірге жарияланбай отыр. Құзырлы органның мәліметінше, бұл оқиғаға қатысты тергеу-тексеру ісін Ақмола облыстық прокуратурасы өз бақылауына алған. 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі:

Сотталушының оқ атуы салдарынан Целиноград аудандық ішкі істер бөлімінің өкілі мен прокуратура қызметкері жарақат алды. Олар Астанадағы нөмірі 2-ші ауруханаға жеткізілді. Бұл факт Целиноград ауданы полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеу бірыңғай тізіміне тіркелді. Жедел іздестіру шаралары кезінде оның көлігінен мәйіт табылған. Алдын ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған.