$492.22 €529.38 ₽5.03
×

Алматыда екі кәсіпорын қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін таласып жатыр

AstanaTV
20.07.2017ж. 20:00
3481
Алматыда екі кәсіпорын қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін таласып жатыр

Алматыдағы Алатау ауданында тұрмыстық қалдықтарды тасымалдау үшін тартыс жалғасын тапты. «Ұлжан» ықшам ауданында қоқыстарды алып кетумен айналысатын «Қарлығаш» жеке кәсіпкерлігі  мен «Құттыбеков» мекемесі арасындағы дау туралы алдыңғы жаңалықтарымызда көрсеткен едік. Жыл басында мекемелер өзара соттасып, құзырлы органдар «Қарлығаш» жеке кәсіпкерлігінің құқығын қорғаған.

Ал жуырда табиғи ресурастарды басқару және реттеу басқармасы өзге компаниямен келісімшарт жасасып, қатты қалдықтарды жинауды тапсырған. Бес жылдан бері жұмыс атқарып келген кәсіпкер мұны заңсыз деп есептейді.

«Қарлығаш» жеке кәсіпкерлігінің келісімшарт мерзімі биыл желтоқсан айында бітуі тиіс. Алайда былтырғы жылдың соңында бас мердігер «Құттыбеков» жеке кәсіпкерлігі бұл мекемемен келісімшартты бір жақты бұзады. Осы күнге дейін 1,5 мыңдай тұрғыннан қоқыс жинап, арнайы полигонға тасымалдап жүрген «Қарлығаш» серіктестігі әділет орындарына шағымданып, сот қосалқы мердігердің құжаттарын заңды деп таныған.

Қарлығаш Назарбекова, «Қарлығаш» ЖК иесі:

Менің қолымда соттың 4 шешімі бар. Сол соттың 4 шешіміне қарамай, ҚР заңына бағынбай «ИП Сапаров» Алма Игілікқызы менің жеке кәсіпкерлік участкеме келіп күш көрсетіп, жұмысыма кедергі жасап жатыр. 2017 жылдың соңына дейін берілген заң бойынша мен өзіме берілген участкімде жұмыс істеймін.

Арадағы келісімнің аяқталуына жарты жыл қалғанда, қалалық табиғи ресурстарды басқару және реттеу басқармасы «Ұлжан» ықшам ауданындағы қатты қалдықтарды жинау үшін «Сапаров» жеке кәсіпкерлігімен қосымша келісімшартқа отырған. Енді өзара тартысқан кәсіпкерлердің әрекетінен қарапайым тұрғындар зардап шегуде. Жергілікті халық, қоқыс жинағаны үшін кімге ақы төлеу керектігін білмей, шатасып кеттік, дейді.

Шәкизада Жұматова, «Ұлжан» ықшамауданының тұрғыны:

Біз "Қарлығашқа" отырдық 1 жылға. Неге оның договорын бұзады? Қандай бұзуға заң бар? Соттар дұрыс жұмыс істемейді ме?  Недеген сұмдық бұл халық қайда? Ел қайда?Әкіміміз қайда?

Біз міне сотта жеңіп шығып, жұмысымызды жалғастырып жатырмыз. Неге осыған құлақ аспайсыздар? - Біздің сотта жұмысымыз жоқ. 

Алатау ауданының әкімдігі жағдайдан хабардар. Шенеуніктер 8 жыл бойы қатты қалдықтарды жинаумен айналысып келген мекеменің жұмысынан кемшілік таппаған. Жоғарыдағыдай шешімнің неліктен қабылданғаны түсініксіз дейді. 

Төребек Байымбетов, Алатау ауданы көріктендіру бөлімінің басшысы:

Біз сол келісімшартты алып келгеннен кейін, қазіргі кезде "Ұлжан 1,2" ықшам ауданында ИП «Сапаров» қоқыс шығару жұмыстарын жүргізуде. Біз Алатау әкімшілігі тарапынан кімде келісімшарт бар, сол мекемемен жұмыс жасап, тазалығын қадағалаймыз.

«Қарлығаш» жеке кәсіпкерлігінің өкілдері де жоғарыдағы келісімшарттың заңдылығына күмәнмен қарап отыр. Сондықтан алдағы уақытта тағы да сот орындары мен прокуратураға шағымданбақшы.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ