Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Нұротандықтар Өскемендегі балалар үйі тәрбиеленушілерін бір қуантты

AstanaTV
20.07.2017ж. 20:00
3164
Нұротандықтар Өскемендегі балалар үйі тәрбиеленушілерін бір қуантты

«Балаларға қуаныш сыйлайық». Өскеменде осындай ұран аясында ерекше шара өтті. Оған «Нұр Отан» партиясының белсенділері бастамашы болды. «Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ» жобасы аясында ұйымдастырылған акцияда Өскемендегі балалар үйіне тарту-таралғы жасалды. Шахардағы "Мамандандырылған бөбектер үйінің" ересектер тобындағы балалар бүгін мәре-сәре болып, бір қуанып қалды. Қамкөңіл бүлдіршіндерге сүйікті мультфильмдерінің кейіпкерлері әдемі сыйлықтарды тарту етті. Түрлі түсті шарларды сыйға алып мәз болған балалар үшін аква-грим лабораториясы да іздегенге сұраған болды. Бір-бірінің бетін бояп, мәре-сәре болысты. Осылайша көңілді әндер мен шат күлкі кернеген балалар үйі бір мезетте ертегілер әлеміне айналып сала берді. Балаларға сондай ақ ұйымдастырушылар тарапынан тәттілер тарту етілді. Партиялық жоба шеңберінде мекемеге ақшалай сертификат та табысталды.


Александр Светаш, "Нұр Отан" партиясы ШҚОФ төрағасының орынбасары:

Мұндай көмек бізге керек еді. Енді балаларға арналған түрлі бояулар мен өзге де қажетті заттарды сатып алып, бір қуантатын болдық. Бүгін шынымен де балаларымыз керемет көңіл күйге бөленді!

Гүлнар Даниярова «Өскемен қ. мамандандырылған бөбектер үйі» МҚК директоры:

1 қыркүйек қарсаңында біз балаларға оқу құралдары мен өзге де керек-жарақтарын сатып аламыз. Өйткені бөтен бала болмайды, сондықтан бүгінгі шара жас буынды тәрбиелеу ісіне күллі Қазақстанның ат салысып жатқанының айқын дәлелі. Бұл игі іске «Нұр Отан» партиясы да күш салып отыр.