$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматыда арнайы операция кезінде ұсталған екі күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

AstanaTV
13.11.2017ж. 20:00
2619
Алматыда арнайы операция кезінде ұсталған екі күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Алматыда арнайы операция кезінде ұсталған екі күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы ІІД ресми өкілі мәлімдеді. Салтанат Әзірбектің сөзінше, Бостандық аудандық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мамандары Фурманов көшесі бойында «Тойота» маркалы автокөлігін қоршауға алған.

Операция барысында 1969 және 1994-ші жылы туған Оңтүстік Қазақстан облысының екі тұрғыны ұсталды. Көлікті тінту кезінде автомат пен 30 оқ-дәрі, аңшылық пышақ пен бронды кеудеше тәркіленген. Ұсталғандардың бұған дейін нашақорлық, алаяқтық және заңсыз қару сақтау бойынша төрт рет сотты болғаны анықталды. 

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

Бұл азаматтар Алматы қаласына қандай себеппен келген, бұл қару-жарақтарды қандай мақсатта сақтап, автокөлігінде тасымалдаған және де басқа қылмыстық әрекеттерге қатысы барлығын тексереміз. Бұл тек Алматы шеңберінде емес, жалпы ел көлемінде.

Арнайы операция кезінде оқиға орнына жеткен журналистердің мәселесі де елеусіз қалмайтын болды. Ресми өкілдің мәліметіне сай, Қылмыстық кодекстің 158-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.