$484.19 €524.28 ₽5.03
×

Бүгінгі таңда әлемде 36 миллион долларлы миллионер бар

AstanaTV
15.11.2017ж. 20:00
3520
Бүгінгі таңда әлемде 36 миллион долларлы миллионер бар

Әлемдегі бар байлықтың тең жартысы ең ауқатты деген олигархтарға тиесілі. Олардың саны дүниежүзі халқының 1 пайызын құрайды. Мұндай мәліметті швейцариялық банктердің бірі келтіріп отыр,- деп жазады Интерфакс Қазақстан. Соңғы бір жылда әлем халқының әл-ауқаты 6,4% өсіп, 280 трлн долларды құраған.

Айта өтейік, бір жылда  дүниежүзі бойынша 2,3 миллионға жуық долларлы миллионер пайда болады екен. Қазір олардың жалпы саны 36 миллионға жетті. Ал, жер шарындағы ең кедей 3,5 млрд адамдардың жиған-тергені 10 мың долларға әзер жетеді.

Credit Suisse қаржыгерлерінің  болжамы бойынша, 2022 жылға қарай әлемдегі бар байлық шамамен 341 трлн долларға артады. Ал миллионерлер саны 44 миллионға жетпек. Сарапшылар кедейлер санының 4%-ға қысқаратынын болжап отыр.