Adv pic
$476.89 €505.27 ₽4.95
×

Бір орталықтан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемі 85 пайызға жетеді

AstanaTV
27.07.2017ж. 20:00
1675
Бір орталықтан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемі 85 пайызға жетеді

Биыл бір орталықтан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемі 85 пайызға жетеді. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. Қазіргі уақытта ол 76 пайызды құрайды. Яғни 723 қызметтің 578-і халыққа қызмет көрсету орталықтарына өткен.

Алдағы уақытта  қызметтердің барлығы дерлік бір қолға шоғырланады. Бұл "100 нақты қадам" аясында белгіленген меже. Мұның  пайдасы тиісті құжатты жинау үшін азаматтар түрлі мекемелерді шарлап, уақыт жоғалтпайды. Барлығы халыққа қызмет көрсету ораталықтарына беріледі.