$517.84 €543.11 ₽5.28
×

Қазақстан бюджетін толтырып отырған негізгі 5 аймақ белгілі болды

AstanaTV
27.07.2017ж. 20:00
3658
Қазақстан бюджетін толтырып отырған негізгі 5 аймақ белгілі болды

Биылғы жартыжылдықта Қазақстан бюджетін толтырған негізгі 5 аймақ белгілі болды. energyprom.kz порталының ақпаратынша, мемлекет қазынасына түсетін салықтардың 60 пайызы осы аймақтарға тиесілі. Олар Алматы, Астана қалалары мен Ақтөбе, Атырау, Қарағанды облыстары.

Жартыжылдықта барлығынан баса озған әдеттегідей - Алматы. Қала қазынаға 823,8 млрд теңге пайда әкелген. Атырау облысы мен Астана қаласынан 450 миллиардтай теңге түскен. Ақтөбе мен Қарағандының салықтан түсірген пайдасы 165 миллиард теңге шамасында. Мұнайға жатпайтын саладан түсірген елдің табысы 5 триллион теңге. Бұл 21 пайызға артық. Оның 3,2 триллионы салықтық түсім. Қазынаға қаражаттың 2,2 триллион теңгесі табыс салығынан, қосымша құн салығы мен әлеуметтік салықтан түскен. Жұрт үй салығына 115,8 миллиард теңге, көлігі үшін 24,6 миллиард теңге салық төлеген. Салықшылар жоспарды 120,2 пайызға артығымен орындаған. Өткен жылмен салыстырғанда салықтық түсім 400 миллиард теңгеге, яғни 14 пайызға артық. Ал жылдың аяғына дейінгі жоспар қазынаға 6,7 триллион теңге табыс әкелу.