$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Бишімбаев ісі бойынша айыпталушы мен оның адвокаты құзырлы органдардан қысым көргендерін мәлімдеді

AstanaTV
20.11.2017ж. 20:00
3521
Бишімбаев ісі бойынша айыпталушы мен оның адвокаты құзырлы органдардан қысым көргендерін мәлімдеді

Бишімбаев ісі бойынша айыпталушы Сәбит Өтебалиев пен оның адвокаты құзырлы органдардан қысым көргендерін мәлімдеді. Бұл туралы олар сот отырысында айтты. Тергеу барысында ол «Бәйтерек development» АҚ басқарма басшысы қызметінде болған Дильрух Анарбайға екі мәрте пара бергенін айтты. Алғашқыда 8, екіншісінде 9 миллион теңге берген. Құрылыстың 1 ай мерзімге кешігу қаупі болған. Ал ол үшін салынатын айыппұл 30 миллион теңге. Кәсіпкер мұны жылдам шешу үшін сұрағандарын беруге тура келді деп отыр.

Сәбит Өтебалиев, айыпталушы:

Орал қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент менің үстімнен қылмыстық іс қозғаймыз деп қорқытты. Мен, маған осы іс бойынша қысым көрсетіліп жатыр деп ойладым. Себебі Қостанайдағы департамент осындағы  ұлттық бюроға бағынады ғой. Онымен қатар бүгін таңертең менің адвокатыма да қоңырау шалып, мені тергеу кезіндегі айтқан сөздерімді ғана айтсын деп өтініпті. Қазір қорқынышта жүрміз.

Дильрух Анарбай, айыпталушы:

Мен Өтебалиевқа көмектесіп тұрғанмын. Ол өзі маған пара беруді ұсынған болатын. Мен оны ешқашан қинаған жоқпын осынша ақша әкеп бер деп. Егер мен ақша талап етсем, мен оның басына қара бұлт үйірер ем, ол кезде бұл менің қолымнан келген. Бірақ фактісі осы, мен оның кәсібіне кедергі келтіретін ештеңе істеген жоқпын.

Бүгін тағы бір кәсіпкер тергелді. Ол - Қайдар Кошанов. Ол алған қаржысының 10 пайызын Дильрух Анарбайға пара етіп бергенін айтты.