Бүгін
ЭКСПО-2017 көрмесінде Иорданияның Ұлттық күнін тойлау құрметіне орай, Иордан
Хашимит Корольдігі делегациясы елордаға келді. Осыған орай Астана
қаласының әкімі Амман қаласының муниципалды комитетінің төрағасымен кездесті.
Қала басшылары екі астана арасында әріптестіктің перспективаларын талқылады.
Екі қалада да қазіргі уақытта «ақылды қала» технологиясын енгізу, инвестиция
тарту, саябақтар салу және қала көшелерін жасылдандыру бойынша жұмыстар атқарылып
жатыр. Юсуф Аль Шауариб мырза Астананың Бас жоспарымен танысып, «Астана Опера»,
«Назарбаев Университеті» мен «Барыс Арена» мұз айдындарын аралады.
Юсуф
Аль Шауариб, Амман қаласының муниципалды комитетінің төрағасы:
Ресми
сапар барысында Астана қаласының көркем жерлеріне барып, сәулеті ерекше
нысандарды араладым. Жас болса да қарқынды дамып келе жатқан шаһарларыңыз қатты ұнады. Қала әкімшілігі
тарапынан үлкен кәсіпорындар орналасатын инвестициялық орталықтарды тартуда
жақсы жұмыс істеліп жатыр, мен бұған бүгін куә болдым.
Сонымен
қатар, бүгін Астанада Иордан Хашимит Корольдігінің королі Хусейн Бен Талалдың
есімімен көше ашылды. Айта кетейік, бұл көшенің ұзындығы 3 шақырым. Есіл
ауданындағы көше Шыңғыс Айтматов
көшесінен бастау алып, Қабанбай батыр, Мәңгілік ел даңғылдарымен қиылысады.