$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Сирияға қатысты Астана мен Женева келіссөздері бір-біріне қайшы келмейді - түрік премьері

AstanaTV
28.11.2017ж. 20:00
2127
Сирияға қатысты Астана мен Женева келіссөздері бір-біріне қайшы келмейді - түрік премьері

Сирия мәселесіне қатысты Астана мен Женева келіссөздері бір-біріне қайшы келмейді. Бұл туралы Лондон халықаралық стратегиялық зерттеулер институтында Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым айтты. Өйткені Женевада қабылданатын шешімдердің алғышарты Астанадан бастау алады. Интерфакстың хабарлауынша, Йылдырым "Сириядағы жағдайға ел президенті Башар Асад жауапты" деп мәлімдеген.

Айта кетейік, бүгін Женевада Сирия келіссөздерінің сегізінші кезеңі басталды. Жиынға БҰҰ Бас хатшысының Сирия мәселелері бойынша арнайы елшісі Стаффан де Мистура қатысуда. Сондай-ақ Сауд Арабиясының ықпалымен Эр-Риядта құрылған Сирия оппозициясының бірегей делегациясы, Каир мен Мәскеудің өкілдері қатысып жатыр. 

Е.КАРИН