Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қырғызстан Қазақстанмен арадағы көмек туралы келісімді денонсациялау туралы ресми ақпарат жолдады

AstanaTV
28.11.2017ж. 20:00
2887
Қырғызстан Қазақстанмен арадағы көмек туралы келісімді денонсациялау туралы ресми ақпарат жолдады

Қырғызстан 100 млн доллардан бас тартты. Яғни Қазақстанның ақшасын алмайтынын ресми түрде мәлімдеді. Өткен аптада Бішкек Астанаға көмек туралы келісімді денонсациялау туралы ресми ақпар жіберген. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі айтты.

Еске салайық, қырғыз басшысы Атамбаев Қазақстанның көмек ұсынғаны туралы келісімді денонсациялау туралы заңға қол қойған. Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы құжатқа сай, Қазақстан айыр қалпақты ағайынға 100 млн доллар көлемінде көмек беруі керек еді. Қаржы одақ елдеріне қарасты кедендік шекараның Қырғызстан аумағындағы инфрақұрылымын жаңартуға бағытталуы тиіс болатын. 

Ануар Жайнақов, ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі:

Осы келісімді денонсациялау туралы ресми ақпаратты біз қырғыз тарапынан өткен аптада алдық. Ары қарай осы мәселе халықаралық құқық нормалары бойынша шешілетін болады.