Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

«Астана» телеарнасының тілшісі «Ұлттық инновациялық байқауда» жүлделі орынға ие болды

AstanaTV
28.11.2017ж. 20:00
2278
«Астана» телеарнасының тілшісі «Ұлттық инновациялық байқауда» жүлделі орынға ие болды

Алматыда Ұлттық инновациялық байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Бұл шараны Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік ұйымдастырған. Жүлдегерлерді қоғам қайраткерлері, депутаттар мен мемлекеттік қызметкерлерден құралған комиссия іріктеді. Биылғы жарыс бес номинацияға жіктелген. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен қомақты қаржы қаралған. Ұйымдастырушылардың сөзінше, байқауға мыңнан аса өтініш түсіпті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп.

Марапатталғандар арасында біздің арна қызметкерлері де бар. Оралдағы тілшіміз Татьяна Рудаметова «Үздік телевизиялық сюжет» номинациясы бойынша екінші орынды иеленді.

Номинация «Лучший телевизионный сюжет на инновационную тематику» на русском языке. Второе место - Рудаметова Татьяна Геннадьевна.