Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Тұңғыш Президент күні қарсаңында "Нұр Отан" партиясы мүшелерінің қатары толықты

AstanaTV
30.11.2017ж. 20:00
3569
Тұңғыш Президент күні қарсаңында "Нұр Отан" партиясы мүшелерінің қатары толықты

«Нұр Отан» партиясы мүшелерінің қатары тағы 15 адамға толықты. Барлығы да өзі еңбек ететін салада белгілі бір жетістікке жеткен азаматтар. Олардың қатарында жас ғалымдар,  әншілер мен спортшылар да бар. Бүгін Астанада өткен салтанатты шара барысында партия төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед оларға партиялық билетті табыстады. 

Ерке Есмахан, әнші:

Елбасының руханиятпен мәдениетті қолдауының арқасында осындай дәрежеге жеттік. Партия қатарына өту, әрине, қуаныш, сонымен қатар жауапкершілікті де сеземін.

Айбар Қасеналин, жас археолог:

Бұл партия бірліктің, тұрақтылықтың, толеранттылық пен жасампаздықтың партиясы. Ел егемендік алғалы бері көптеген жетістікке жеткен едік. Бірақ біздің алар асу әлі алда. Бүгін партия қатарына өткендермен бірге сол биік белестерді бағындырарымызға сенім мол.

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары саяси ұйым қатарына жаңадан қосылғандарды құттықтады. Мұхтар Құл-Мұхаммед елге танымал азаматтардың мүшелікке қабылдануы партияның жастар арасындағы беделін арттыруға ықпал етеді деген сенімде.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Кім Елбасының саясатын қолдайды, елін сүйеді, жерін сүйеді, халқына қызмет істегісі келсе, ол осы партия қатарында болуы керек. Кім халықтың арасында танымал, кімнің жанкүйері көп, міне, осы азаматтар партия қатарына көптеп келуі керек.