Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі мерекеге орай арнайы шара өткізді

AstanaTV
30.11.2017ж. 20:00
4893
Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі мерекеге орай арнайы шара өткізді

"Нұр Отанның" республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі Тұңғыш Президент күні қарсаңында шағын мұражайға айналды. Президент кітапханасы қорындағы экспонаттар осында жеткізілген.

Айта кетейік, қабылдау бөлмесінде мұндай көшпелі музей алғаш рет ұйымдастырлып отыр. Мұны партияға мәселесін айта келген азаматтар да тамашалай алады. Мұражайда сирек суреттер мен әр жылдары Елбасыға сыйға тартылған бұйымдар бар. Сондай-ақ бүгін қоғамдық қабылдау бөлмесі партия белсенділері мен ғалымдардың басын қосып, латын әліпбиіне көшуге қатысты тұрғындардың сұрақтарын тыңдады.

Жұмажан Жүкенов, "Нұр Отан" партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі:

Елбасы, партиямыздың төрағасы, осындай республикалық қоғамдық бөлмесін ашып берді. Халыққа тиімді жұмыс атқаруға мүмкіндік берді. Латын әліпбиі қазір бәрін алаңдатып отыр. Сондықтан олар қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіп, өз ойларын айтады. Ал біз оны ұлттық комиссияға жолдаймыз.