Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Алматы облысында жолаушылар көлігі аударылып, 2 адам қаза тапты

AstanaTV
04.12.2017ж. 20:00
2388
Алматы облысында жолаушылар көлігі аударылып, 2 адам қаза тапты

Бішкек-Алматы тас жолында апатқа ұшыраған автобустың 5 жолаушысы Жамбыл аудандық орталық ауруханасында жатыр. Олар түрлі дене жарақаттарын алған. Ал Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласы мен Ұзынағашқа жеткізілген 28 науқастың дені үйлеріне қайтарылған.

Жол-көлік оқиғасы бүгін таңертең сағат 8-дер шамасында болған. Шымкенттен Алматы қаласына бағыт алған жолаушылар көлігі Ұзынағаш кентінің тұсында аударылып қалған. Оқиға орнында 2 адам қаза тапты. Қалааралық бағыттық автобус салонында 43 адам болған. 

Көбейхан Нұрахмет, Алматы облыстық ІІД ресми өкілі:

Алдын ала болжам бойынша, автобус жүргізушісі көлік тізгігіне ие бола алмай, жолаушылар автобусы жолдың шетіне аударылып кеткен. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 бабы 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.