$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астаналық таксилерге Т.Құлыбаевтың көңілі толмайды

AstanaTV
04.12.2017ж. 20:00
2686
Астаналық таксилерге Т.Құлыбаевтың көңілі толмайды

Астаналық таксилерге арнайы нөмір берілуі мүмкін. Бүгін бизнес-қоғамдастыққа осындай ұсыныс айтылды. Бұл арнайы автотұрақтар мен "баслайнда" таксилердің жүріп-тұруын қадалау үшін қажет дейді. Айтуларынша, қалада  "жабайы" таксилер тым көп. Кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевтың да астаналық жүргізушілерге көңілі толмайды.

Тимур Құлыбаев, "Атамекен" ҰКП төралқа төрағасы:

Бәрі бірдей дайын емес, жаңа көліктер болады. Сапамен ерекшеленуі керек. Астаналық такси жүргізушісі ағылшын тілін білуі керек. Қала бойынша гид болуға жарауы тиіс. Қай жерде қандай дүкен, қандай шара өтетіні туралы ақпаратпен алмасатын өзара чаттары болуы керек.

Құлыбаев тіпті жүргізушілердің вокзал мен әуежайлардағы "дөрекі" қылығынан да хабардар болып шықты.

Тимур Құлыбаев, "Атамекен" ҰКП төралқа төрағасы:

Чтобы тебя в портах не дергали за рукава… Чтобы очередь нормальная была. Меня не дергают, но я слышу жалобы в портах, что приезжают там целые мафии… Вы победили в Астане? Пока не получается.