Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Бозойда бірегей газ тазалау қондырғысы іске қосылды

AstanaTV
07.12.2017ж. 20:00
4048
Бозойда бірегей газ тазалау қондырғысы іске қосылды

Ақтөбе облысында бірегей газ құрғату қондырғысы іске қосылды. «Бозой» жер асты газ қоймасынан алынатын газдың сапасын арттырып, елге де, экспортқа да таза газ бере бастаған қондырғының тұсауын Елбасы өзі кесті. Бұл нысан оңтүстік өңірлеріне газ тасымалын арттырып, еліміздің экспорттық әлеуетін көтереді. Бұл кешен - "ҚазМұнайГаздың" еншілес компаниясы «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы жүзеге асырған ауқымды инвестициялық жоба.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Өздеріңіз білесіздер, біз мұнай менен газды шығаратын мемлекет бола тұра, сол газға өзіміз - Қазақстан тәуелді болып келдік. Біресе Ресейден, біресе оңтүстігімізден, қысқы кезде оңтүстігіміздегі қазақтардың бәрі тоңып-жаурап, қайдан газ аламыз деп бәріміз, үкімет болып, ел болып сұрап жүрген едік. Мінекей, қазір сол мәселені шештік. Мына құбыр өте қажет. Тек қана елге, газдандыру емес, экспортқа шығаратын газға ие болдық. Сондықтан өте ел үшін маңызды нәрсені шештіңіздер.

Ұлттық компания жаңа нысанды мемлекеттік индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы аясында салды. Газ сақтау қоймасы Еуропа мен Украинадан әкелінген заманауи қондырғылармен жабдықталған. Бұл қауіпсіздікті арттырып, газ айдау мүмкіндігін тәулігіне 27 миллион текше метрге дейін жеткізеді.

Мұқатай Шанбатыров, «Интергаз Орталық Азия» АҚ бас директорының бірінші орынбасары:

Біздер қазір енді осы қондырғы арқылы газдың сапасын халықаралық деңгейге көтердік. Сондықтан біз қазір толық мүмкіндік алдық Қытайға газ экспорттауға. Қазір енді қазан айынан бастап, бірінші шарт бойынша, 5 млрд-қа дейін газ экспорттаймыз.

Жаңа қондырғы «Бозой» газ сақтау қоймасынан алынатын табиғи газды «Бұқара-Орал» және «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырлары арқылы Ақтөбе облысының және оңтүстік өңірлердің тұтынушыларына тасымалдау қуатын арттырады. Сондай-ақ, Ресей Өзбекстан және Қытай елдеріне тауарлық газдың халықаралық транзиті қамтамасыз етілмек.

Жадырасын  Кенжебаев, «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Арал» тораптық-өндірістік басқармасының басшысы:

Осы қондырғы салынып тұрған мақсаты - сапасын көтеру, газды құрғату, ішіндегі ылғалын алып. Біздің құбырларымыз жақсы жұмыс істеу үшін

"Бозойдың" газ қоймасын реконструкциялаудың алғашқы кезеңі аяқталды. Газды сақтауға жер астына айдау және қысқы мерзімде ұңғымалар арқылы тез сорып шығару уақыты 200 күннен 150 күнге дейін қысқарып отыр. Мұнда газ «Жаңажол» кен орнынан тасымалданады.