Спорт Қазақстан
$449.3 €489.69 ₽4.89
×
Реклама на сайте

Астана процесі. Сирия конгресі. БҰҰ Бас ассамблеясы: Иерусалим Израиль астанасы емес!

AstanaTV
23.12.2017ж. 20:00
2065
Астана процесі. Сирия конгресі. БҰҰ Бас ассамблеясы: Иерусалим Израиль астанасы емес!

Сирия бойынша Астана процесінің кезекті раундында Сирия ұлттық конгресі алдағы жылдың қаңтар айының соңында Ресейдің Сочиінде өтетіні хабарланды. Сириялықтар әрі қарай қалай тіршілік қылатындарын бір-бірімен талқылап бастамақ. Дәлірегі - қазіргі билік, оппозиция, оппозициялық қарулы топтар, күрдтер дегендей. Алайда, оппозиция өкілдері оған қатысу-қатыспау туралы әлі де ойланамыз деді. Астана раундында Сирия делегациясының жетекшісі, Сирияның БҰҰ -ғы тұрақты өкілі Башар Джаафари Дамаскінің АҚШ пен Түркия қарулы күштері Сириядан ешқандай шартсыз, жедел шығуын талап ететінін жеткізді. Бұл енді "иәәә" дегізетін хабар. Себебі Түркия да, АҚШ та ойлағандарын ортадан қалдырып, "жарайды" деп жинала қоймайтыны анық...

Осы аптада БҰҰ Бас ассамблеясы Иерусалимді Израиль астанасы деп танымау туралы қарар қабылдады. Қарарға 10 мемлекет ғана қарсы шықты – әрине, АҚШ пен Израиль бастаған.

Ал қолдаған – 128 мемлекет. 35 мемлекет қалыс қалды. Құжатта Иерусалимді Израиль астанасы деп танып, елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіру туралы шешім қабылдаған АҚШ аталмайды. Бірақ Иерусалим мәртебесіне орай кез-келген шешім заңсыз деп есептелсін деген. Дауыс берер алдында Д.Трамп БҰҰ қарарын қолдайтын елдерді қорқытқан – «Олар бізден жүздеген миллион тіпті, миллиардтаған доллар алады да, бізге қарсы дауыс береді. Жарайды, берсін, керісінше, біз жақсы экономия жасаймыз. Бізге бәрібір», - деген. 

Бір «бірақ» бар. БҰҰ жарғысы бойынша, Бас ассамблея шешімінің сипаты - ұсыныс беру, символдық. Ұлттар ұйымының Қауіпсіздік кеңесінің шешімі ғана орындалуы міндетті. Ал Қауіпсіздік кеңесінің Иерусалимді Израиль астанасы деп танымау туралы шешімін осының алдында АҚШ блоктап, вето қойып тастаған...