Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Астанада Президенттің атынан жаңа жылдық шырша кеші ұйымдастырылды

AstanaTV
22.12.2017ж. 20:00
4068
Астанада Президенттің атынан жаңа жылдық шырша кеші ұйымдастырылды

Астанада Президенттің атынан жаңа жылдық шырша кеші ұйымдастырылды. "Асқақ ордам - Астана" деген атаумен өткен интерактивті қойылым-шоу балғындарға қатты ұнады. Ғажайып кешке оқу озаттары мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларының балалары қатысты. Шыршаға қатысатын балаларды іріктеп алу үшін арнайы комиссия құрылған. Іріктеу нәтижесінде 200-ден астам бала таңдалды. 

Көздің жауын алар костюмдер! Жаңа жылдық салтанат. Сыйқырлы сәтте батыс пен шығыс астасып жатыр. Қазақтың батырлары мен батыс мифологиясындағы гномдар, нояндар, ханзадалар мен ханшайымдар. Қысқасы, ертегі кейіпкерлерінің бәрі осында.

Аяқ ата мен ақша қар да жетті. Шыршаның шамдарын да жақты.

Бүлдіршіндер аяз атаға деген тілектерін де жарыса жеткізіп жатты.

Аяз ата жасасын. Бізге сыйлықтарды әрбір жаңа жыл сайын әкеп тұрсын.-Кеде скутер алғым келеді. -Мен өскенде арманым президент сияқты болғым келеді. - Сыйлық. -Қандай сыйлық? -Велик. 

Шараға негізінен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және ерекше қажеттілігі бар балалар қатысты. Сонымен қатар, жақсы баға алып, ерекшеленген оқушылар да бар. Оларға Елбасы видеоқұттықтауын жолдады.

Ануар Жанғозин, Астана қаласы білім басқармасының басшысы:

Іс-шарамыз интерактивтік қойылым-шоу ретінде ұйымдастырылуда. Әр бала сыйлық алады. Тәтті сыйлық. Және киім алу үшін сертификат. Сол сертификат 3 жылға жарайды

Шыршаға қатысқан әр балаға берілген сертификат ішінде 85 мың теңге бар. Ол қаражатты бір рет алып қоюға немесе 3 жылға созуға болады. Жаңа жылдағы бүлдіршіндердің тілектері де тәтті.

Жаңа жылдарыңызбен. Ауырмаңыз. Отбасыларыңызда тыныштық болсын. Бәріне сыйлық жетсін.

Барша қазақстандықтарды жаңа жылмен құттықтаймын! Зор денсаулық тілеймін.

Айгүл ӘДЕПБАЙ