Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Астанада мектеп оқушыларының формаларын тігетін шеберхана жабдықталды

AstanaTV
22.12.2017ж. 20:00
5802
Астанада мектеп оқушыларының формаларын тігетін шеберхана жабдықталды

Астанада мектеп оқушыларынының формаларын тігетін шеберхана жабдықталды. Аталмыш игі бастаманы «Қазына Капитал Менджмент» компаниясы 10 жылдық мерейтойына арнап  "10 қайрымды іс" акциясы аясында  ұйымдастырды. "Жан досым" қоғамдық қорымен бірге кадет класстарының формаларын тігуге арналған құрал жабдықтарды сыйлады.

"Қазына Капитал менеджмент" "Жан досым" қоғамдық қорымен бірге кадет класстарының формаларын тігуге арналған тігін шеберханасын жабдықтады. Бұл Елордалық орта мектеп кадеттеріндегі оқушылардың ата-аналарына да зор мүмкіндік. Олар үшін балаларға арналған формаларды өз қолымен тігуге мүмкіндік туды. Компания бүгін өнеркәсіптік 3 тігін машинасын, пресс-үтік, пішуге арналған үстел мен басқа да қажетті материалды сыйлады. Тігін машиналары жазғы және қысқы салтанатты шараларға арналған барлық формаларды тігуге мүмкіндік береді.

Сәуле Суанова, ата-ана:

Біз енді бұдан былай жұмыссыз ата-аналарды қамтамасыз етеміз. Үйретеміз. Қайырымдылық қоры бұл. Балараға тегін тігіп береміз. Көшеден қабылдаймыз. Бұл бізге қосымша табыс көзі.

Кадет сынабында оқитын оқушылар формаларының мектеп ішінде тігілетініне өте қуанышты. Мұндай кадет класстары Астананың екі мектебінде ашылды. Қазір әскери класстарда 100 бала тәрбиеленіп отыр. Мақсат - әскери-патриоттық тәрбиені қалыптастыру.

Камила Мейрамқызы, оқушы:

Салтанатты форма Қазақстанның патриоты екенімізді дәлелдей аламыз. Біз елімізді қорғай алатынымызға сенімдеміз. Осы форманы киіп, біз оны одан бетер сезіне аламыз.

Қайрымды 10 іске мұрындық болып отырған Қазына капитал менеждмент компаниясы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, түрлі медициналық орталықтар мен балалар үйіне көмек көрсетті. Бүгін "Жан досым" қоғамдық қорымен бірге кадет оқушыларын қуантамыз деп отыр.

Азамат Салханов, «Қазына Капитал Менеджмент» компаниясы департамент директоры:

«Қазына Капитал Менеждмент» компаниясы осы жылы он жылдығын атап өтуде. Осы онжылдықтың аясында біз он мейрімділік іс-шара акциясын өткізіп жатырмыз. Қазіргі кезде жалғасуда. Енді 57 мектептің кадет класына тігін шеберханасын ұйымдастыру жөнінде келісімге келдік.

Компания өкілдерінің айтуынша, акция биылғы жылдың соңына дейін жалғасатын болады.