Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Сочиде өтетін Сирия халқы конгресі келесі жылғы қаңтардың аяғына белгіленді

AstanaTV
22.12.2017ж. 20:00
1888
Сочиде өтетін Сирия халқы конгресі келесі жылғы қаңтардың аяғына белгіленді

Сочиде өтетін Сирия халқы конгресі келесі жылғы қаңтардың аяғына белгіленді. Алайда оған Сирия оппозициясының өкілдері қатыспауы мүмкін. Бұл туралы бүгін Астанада өткен Сирия мәселелері жөніндегі келісімнің 8-ші кезеңінде айтылды.  Маңызды басқосуда тағы қандай мәселелер қамтылды? Әріптесім Дәуренбек Бақдаулет баяндайды.

Дәуренбек Бақдәулет, тілші:

Сирия билігінің пікірінше елде АҚШ және Түркия әскерлерінің қалуы ресми Дамаскнің агрессиясын тудырып отырған сыңайлы. Сондай ақ олар мұның БҰҰ келісіміне қайшы екендігін айтады. Сондықтан билік өкілдері бірінші кезекте Сирия жерін азат ету керек деп отыр.

Башар Джафари,  Сирияның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі:

Шет ел әскерилерінің жедел Сирия жерінен кетуін талап етеміз.  Ел билігінің рұқсатысыз АКШ әскерінің Сирия жерінде қалуы БҰҰ-ның келісіміне қайшы. Сондықтан әскерін жедел шығаруы тиіс. Қазір құрылған дэскалация аймақтары келіссөздердің нәтижесі. Сондықтан бұл үрдіс жалғасуы тиіс деп есептеймін.

Ал, Сирия оппозициясының өкілдері келер жылғы 29-30 шы қаңтарына белгіленген Сирия халқының конгресіне шақырту алғандарын айтты.Алайда, оған қатысу-қатыспау мәселесі туралы әлі де ойланамыз дейді.

Ахмад Тома, Сирия оппозициясы делегациясының басшысы:

Елде жүрген әскерилермен ақылдасып алуымыз қажет. Сондай-ақ біз Сириядағы жағдай салдарынан тұтқынға алынғандарды азат ету үшін бар жағдайды жасағымыз келеді. 1980-ші жылдан бері шамамен 15 мыңға жуық адам қамауда отыр.

Жалпы қол жеткізген нәтижелер де бар. Кепіл мемлекеттер, яғни Иран, Ресей және Түркия тарапы бірлесіп жасаған баяндамада лаңкестік ұйымдарға қарсы күрес күшейіп, Сирия жерін азат ету үшін жұмыстары жалғасады деді.

Қайрат Абдрахманов, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі:

8-ші раунд аясында Сириядағы жағдайды тұрақтандыруға және ондағы гуманитарлық жағдайды жақсартуға маңызды келіссөз өтті. Астана процесі аясында Сириядағы жағдай едәуір жақсарып, қайта қалыпқа келу кезеңінің алдында тұр деуге негіз бар.

Дәуренбек Бақдәулет, тілші:

Сирия мәселелері бойынша Астана келісімінің 9-шы кезеңі келер жылғы ақпан айының 2 ші жартысында жоспарланды. Қазақстан тарапы Женева келісіміне оң ықпал ету үшін диалог алаңын ұсынуға қашанда дайын екенін тағы бір атап өтті.