Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қаржы саласы толықтай жаңғыртуды қажет етеді - Н. Назарбаев

AstanaTV
10.01.2018ж. 20:00
3494
Қаржы саласы толықтай жаңғыртуды қажет етеді - Н. Назарбаев

"Қазақстанда табысты жұмыс істеп жатқан нарықтық экономика моделі қалыптасты. Дегенмен, бүгінгі жетістік ертеңгі табыстың кепілі еместігін жақсы сезінуіміз керек". "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауында Елбасы осылай деді. Банктердің «нашар» несиеден арылу ісін аяқтауы қажеттігіне тоқталды. Ол үшін банк иелері шығындарын мойындай отырып, экономикалық жауапкершілік алуы тиіс,-деп атап көрсетті. Акционерлер мен жеке адамдардың пайдасы үшін банктерден қаржы шығару ауыр қылмыс болып саналуы керек деді. Ұлттық Банк мұндай істерге немқұрайлы қарамауы тиіс,- деп атап өтті,- Нұрсұлтан Назарбаев. Жолдауда тағы қандай тақырыптар қамтылғаны жайлы Мөлдір Бақыт-қызы тарқатады.

Бүгін жарыққа шыққан жолдауда Президент банктерге қайтпай, жылдар бойы қордаланған қарыз кімдердің мойнына ілінетінін ашып айтты. Қайтпаған несие қаржы секторының беделіне нұқсан келтіреді. Салдарынан әлемдік рейтингтерде ел экономикасына теріс баға беріледі. Сондықтан банктер қарыз көлемін азайту керек. Сарапшылар, кепілге қойылған мүлікті саудаға шығарып, қарызды жабуға кейде заңнама да бөгет, дейді.

Мысалға кейбір жеке тұлғаларға қатысты кепіл ретінде жылжымайтын мүлік қойылса, ол қарыз алушының жалғыз баспансы болған жағдайда банк оны сатылымға шығара алмайды. Өйткені әлеуметтік шиелініс болуы мүмкін деген тұрғыда, бұл заңмен жазылған.

Дәнді-дақыл өсіруді үйрендік, оны мақтан тұтудың қажеті шамалы, - деді Президент. Аграрияны ғылымға негіздеуді тегін айтқан жоқ. Былтыр Астанадағы Агротехникалық университет АҚШ-ның Калифорния штаты Дэвис университетімен бірлесіп, жаңа оқу бағдарламасын құрастырған. Енді білім ордасы америкалық әдіс-тәсілмен оқуға көшеді. Мәртебесі зерттеу университетіне ауысады. Құжат былтыр күзде Үкіметке тапсырылған. Қазір сол қаулыны күтіп отыр.

Айтжан Әбдіров, С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің бірінші проректоры:

Олардың тәжірибесі өте үлкен. Басқа мемлекеттерде зерттеу университеттерін ашып, дамытуға көмектескен. Чили, Вьетнам басқа да мемлекттер. Қазақстанда солардың тәжірибесін қолданып, осы зерттеу университетін құрастырып, әрі қарай дамытамыз ба деген ойымыз бар. 

Инвестицияны қажет ететін саланың бірі - коммуналдық шаруашылық. Әбден тозығы жеткен құбырлар мен желілерді толық бүтіндеуге бюджеттің шамасы жетпейді. Сондықтан әкімдер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының инфрақұрылымын жетілдіру мәселесін шешуі керек,- деді Президент. Ол үшін мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде белсенді әрекет етуді ұсынды

Талғат Балқияев, Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік сарапшысы:

Опять-таки это все зависит от акима. Если аким активный, он пытается это делать, если он не активный, соответственно, все идет по старинке. 

«Ақылды ұлт» үшін, «Ақылды қалалар». "Әлемде инвесторлар үшін қалалар бәсекеге түседі деген түсінік қалыптасты. Олар елді емес, жайлы өмір сүріп, жұмыс істейтін қаланы таңдайды", дейді Президент. Астанада басталған «Смарт Сити» тәжірибесін таратуды ұсынды. Басқару төменнен жоғарыға жүреді. "Дабыл" тұрғындардың өзінен түсуі тиіс. Мәселен, "Сергек" жылдамдық өлшегіштері де "ақылды қаланың" бір өлшемі саналады. Бастама алдымен бес қалада қолға алынады. Олар - Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды және Шымкент. 

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ