Негізгі / Жаңалықтар / Н.Нығматулин: сайлаушыларға елімізді жаңғырту міндеттерін жете түсіндіруіміз керек

Н.Нығматулин: сайлаушыларға елімізді жаңғырту міндеттерін жете түсіндіруіміз керек

Сайлаушыларға елімізді жаңғырту міндеттерін жете түсіндіруіміз керек. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында жылды қорытындылаған палата төрағасы Нұрлан Нығматулин осылай деді. 

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Елбасымыз бізге әрқашанда халықпен тікелей жұмыс жасап, елімізді жаңғырту мақсаттарын түсіндіру туралы нақты тапсырма беріп келеді. Сондықтан әрбір ауылға, әрбір қалаға барып, барлық бастамаларды және оларды заң жағынан қолдау жұмыстарын азматтарға жеткізу - біздің басты міндетіміз.

Төрт ай бұрын басталған Мәжілістің кезекті сессиясы осы уақыт аралығында 80 заң жобасын өндіріске қабылдады. Оның 42-сі қаралып, мақұлданған. 12 заң жобасына депутаттардың өздері бастамашы болған. Парламент қабылдаған 27 заңға бүгінде Мемлекет басшысының қолы қойылып, өз күшіне енді.