$487.37 €532.94 ₽5.09
×

Дариға Назарбаева ҰҒО мен "Еврокоптер Қазақстан инжиниринг" зауыты жұмысымен танысты

AstanaTV
27.12.2017ж. 20:00
3195
Дариға Назарбаева ҰҒО мен "Еврокоптер Қазақстан инжиниринг" зауыты жұмысымен танысты

Дариға Назарбаева әкімдерде тікұшақ болғаны жөн деген пікірін білдірді. Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті төрағасы "Ұлттық ғарыш орталығы" мен "Еврокоптер Қазақстан инжиниринг" зауытының жұмысымен танысты. Сенатордың пікірінше, еліміздегі авиация саласын дамыту кезек күттірмейді. Тікұшақтар аймақтардағы шенеуніктердің жұмысын жеңілдетуге септігін тигізеді деп отыр.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенаты халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы:

Әсіресе ауыл шаруашылықпен айналысып жүрген аймақтарда осы бірталай 500 шақырым жолға күні бойы машинамен жүрмей, осы тік ұшаққа мініп, бір-екі сағатта осы жердің бәрін көріп шығуға болады.

"Еурокоптер Қазақстан инжиниринг" зауыты тікұшақтар құрастыру мен техникалық қызмет көрсетуге бағытталған, сонымен бірге әуе кемелерін сатумен айналысатын еліміздегі жалғыз кәсіпорын. Қазір бұл компания ЕС 145 техникалық қызметі мен ұшу-техникалық құрамды оқыту бойынша экспорттық қызмет көрсетуді арттыруды жоспарлап отыр.