$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодар облысында биыл 24 кәсіпорын бәсекеге қабілетті ортаға шығарылған

AstanaTV
29.12.2017ж. 20:00
2451
Павлодар облысында биыл 24 кәсіпорын бәсекеге қабілетті ортаға шығарылған

Павлодар облысында биыл 24 кәсіпорын бәсекеге қабілетті ортаға шығарылған. Бәссаудада әсіресе медициналық мекемелер жоғары бағамен саудаланды. Мәселен, №1 қалалық емхана - 708 млн теңгеге, №2 емхана - 607 млн теңгеге сатылған. Ал, Павлодар диагностикалық орталығы - 315 млн теңгеге саудаланды. 

Қадиша Беготаева, Павлодар облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары:

Нысандарды жекенің қолына беру арқылы 2017 жылы бюджетке 265 млн теңге кіріс кірді. 2018 жылы сатылымнан 382 млн теңге, ал 2019 жылы 1 млрд 195 млн теңге пайда көреміз деген жоспар бар.

Аймақта жекешелендіру бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асып жатыр,-дейді шенеуніктер. Қаржы басқармасы берген ақпарға сәйкес, алдағы үш жылда облыс бюджетіне 2 млрд теңгеге жуық қаражат құйылады. Жекешелендіру аясында 2016-2020 жылдар аралығында 39 нысанды жекенің иелігіне беру жоспарланған. Оның 31-і коммуналдық мекеме болса, 8-і «Павлодар» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының еншілес ұйымдары. Басқарма мамандарының айтуынша, қазір бұлардың барлығы саудаланған. Тек үш кәсіпорын бойынша әлі сатылым жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атқамінерлер  бұл шаруа алдағы жылы аяқталады деген сенімде.