$457.29 €490.35 ₽5.97
×

Қарызы қордаланған жылу орталығы жөндеу жұмыстарына дайындалып жатыр

AstanaTV
04.01.2018ж. 20:00
1996
Қарызы қордаланған жылу орталығы жөндеу жұмыстарына дайындалып жатыр

Қарызы қордаланғанына қарамастан, Оралдағы жылу орталығы жөндеу жұмыстарына дайындалып жатыр. Осылайша мекеме басшылары қуат өнімділігін арттыруды жоспарлап отыр.

Бүгінде «Жайықжылуқуат» мекемесі газберушілерге 450 миллион теңге берешек. Ал тұрғындардың жылуға қарызы 300 миллион теңгеге жеткен. Борышкерлердің ел аумағынан шығуына тыйым салынды. Дүние-мүлкі мен көлігін бұғаттау, пәтерін сатуға шығару арқылы қарызды 700 миллион теңгеге азайттық, дейді кәсіпорын директоры Мұрат Бәйменов. Әрі жылуға берешегі 10 мың теңгеден асып кеткендердің ісі бірден сотқа беріледі. Жылыту маусымы аяқталғасын, мамыр айында жөндеу жұмыстары басталады. Жылу орталығына қажет қондырғы Жапониядан әкелініпті.

Мұрат Бәйменов, «Жайықжылуқуат» АҚ бас директоры:

Қосалқы бөлшектер үшін толығымен есептестік. Енді мердігер компанияға 150 миллион теңге төлейміз. Қондырғы жөнделгесін, электр стансасының қуаттылығы артады. Қазір 24 мегаватт электр қуатын өндірсе, жөнделгесін күші 26 мегаватқа дейін жетеді. 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах