$453.87 €508.33 ₽5.65

«Өзіңді жөнге келтір, түрің тіпті сұмдық»: Дональд Трамп журналиске жекіп тастады

«Өзіңді жөнге келтір, түрің тіпті сұмдық»: Дональд Трамп журналиске жекіп тастады
Фото: BILD

АҚШ Президенті Дональд Трамп Reuters агенттігінің тілшісі Джейкоб Богейдждің Канзастағы сайлауалды жиынын неге тоқтатқаны туралы сұрағына қатаң түрде жауап қайтарды

Тілші мұның шешімі президенттің денсаулығына және тығыз сапар кестесіне байланысты емес пе деп сұраған, деп хабарлайды Astana TV.

«Мұндай сұрақ қойғаныңа қарағанда, өзің де науқас шығарсың. Мына жігітке қараңыздаршы. Дене бітімі мүлде сын көтермейді. Түрің жиіркенішті. Өзіңді жөнге келтір, түрің тіпті сұмдық», – деп жауап берді Трамп.

Оқиға 3 қарашаға белгіленген АҚШ Конгресіне аралық сайлауға бірнеше күн қалғанда орын алды. Соңғы сауалнамалардың біріне сәйкес, Трампты қолдау көрсеткіші 33 пайызға дейін төмендеген. Республикашылар үшін өмір сүру құнының қымбаттауы әлі де басты мәселелердің бірі болып отыр.

Fox News дерегі бойынша, сайлаушылардың оннан алтысы қымбатшылықты басты экономикалық проблема деп атайды. Сонымен қатар респонденттердің тек 22 пайызы ғана президенттің инфляциямен күрес шараларын құптайды, ал 77 пайызы наразылық білдірген. Осының аясында республикашылар Конгресстің екі палатасында да көпшілік орыннан айырылып қалу қаупімен бетпе-бет келіп отыр.