$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Парламент Мәжілісі депутаттары халықпен кездесуде

AstanaTV
08.01.2018ж. 20:00
2872
Парламент Мәжілісі депутаттары халықпен кездесуде

Шымкентте әлі күнге баспанасын заңдастыра алмай жүргендер бар. Мұны жергілікті жұртшылықпен жүздескен Мәжіліс депутаттары айтты. Уәлихан Қайназаровтың дерегінше, Жаңаталап ауылында үш мыңдай, Сайрамда бес мыңдай үй құжаттандырылмапты. Бұлар қаланың бас жоспарына сәйкес Сайрам ауданынан қосылған елді мекендер. Депутаттармен кездесу барысында бұқара көтерген мәселенің тағы бірі коммуналдық тарифтің тым қымбаттығы. Әсіресе көгілдір отын құнының жоғарылығы көпшілікті алаңдатады.

Уәлихан Қайназаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының  мүшесі:

Астанаға барғаннан кейін бұл мәселені біз де көтереміз деген ойдамыз жалпы. Себебін айтайын, енді ең адам басына шаққанда ең табысы аз түсетін - бұл Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облысы деп саналады жалпы республикада.

Жұмыс сапары кезінде «Нұр Отан» фракциясының мүшелері Қазығұрт ауданына аялдады. Индустриялдық аймаққа ат басын бұрған депутаттар «Газобетон блогын» шығаратын  өндіріс орынының жұмысымен танысты. Асыл тұқымды қой өсіріп отырған шаруашылықты аралап шықты. Жасыл желекті жайқалтуға атсалысып, жергілікті саябаққа ағаш көшеттерін отырғызды.