Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов бастаған жалпыұлттық коалиция мүшелері Қарағандыға барды. Арқа төсіндегі алқалы жиын Достық үйінен басталды. Мұнда 200-ден астам қоғам белсендісі мен этномәдени бірлестік өкілі жиналды. Күн тәртібінде – Ата Заңның жаңа редакциясы. Жиналғандар билік тармақтарының жаңаруы мен Халық Кеңесін құру мәселесін қызу талқылады. Мәжіліс спикері жаңа Конституцияның басты миссиясы – әділдік пен теңдік екенін қадап айтты.
ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КОАЛИЦИЯ ЖЕТЕКШІСІ:
Тәуелсіздікті сақтау мен нығайту жолындағы басты міндет – мемлекетіміздің ішкі тұрақтылығын және тұтастығын қамтамасыз ету. Бұл мәселе жаңа Ата Заң жобасында нақты көрсетілген. Онда билік институттарының құзыреттері мен функциялары айқын әрі нақты белгіленіп, олардың арасындағы теңгерім толық сақталған. Жаңа Конституцияға сәйкес, Қазақстанда Президенттік басқару формасы сақталады. Мемлекет басшысы Конституцияның кепілі болып, мемлекеттік аппараттың үздіксіз, үйлесімді әрі жүйелі жұмысын қамтамасыз етеді.
Коалиция мүшелері кеншілер мен жастардың да пікірін тыңдады. Профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттер үшін Конституцияның жаңа редакциясы – ертеңгі күнге деген сенім. Ал қарағандылық шахтерлер үшін бастысы – заң алдындағы теңдік пен еңбек адамдарының құқығының қорғалуы.
НАТАЛИЯ ЕРЕМЕНКО, Т.Г. ШЕВЧЕНКО АТЫНДАҒЫ "РІДНЕ СЛОВО" УКРАИН ТІЛІ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Жаңа конституцияда өзіме тиесілі бұл азаматтардың құқықтарын қорғау, отбасы институтының өсуі. Өз басыма тиесілі бұл әрине адам және азаматтардың құқықтарын бірінші орынға қою. Өзге этностарды бір ұлт ретінде қарау. Барлығымыз жұмылып, жауапкершілік мойнымызға артуымыз.