Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ерлан Көкеев жүгін бүлдіргендерді сотқа бермек

AstanaTV
15.01.2018ж. 20:00
5661
Ерлан Көкеев жүгін бүлдіргендерді сотқа бермек

Астана әуежайы музыкант Ерлан Көкеевтің жеке мүлкін бүлдіргендерді анықтауға кірісті. Егер сазгердің музыкалық аспаптары әуе айлағы қызметкерлерінің кесірінен сынғаны анықталса, шығынды өтеп беруге дайын. Бұл туралы бүгін біздің арнаға әуежайдың баспасөз хатшысы телефон арқылы хабарлады.

Салтанат Кунгебаева, «Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежай» АҚ баспасөз хатшысы:

Астана әуежайы қазір ішкі қызметтік тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Бек Эйр» әуе компаниясына тиеселі жүктің біздің әуежай аумағында бүлінгені анықталса, әуе айлағы сазгерден кешірім сұрап, оның шығынын өтеп беруге дайын.

Бұған дейін «Бек Эйр» компаниясының ұшағымен Астанадан Алматыға ұшып келген Ерлан Көкеев аспап қораптарының сынғанын хабарлаған еді. Тіпті гитарасының электроникасында ауытқушылық болғанын да байқаған. Сондықтан музыкант әлдекімдер жүгін қасақана бүлдірген деп отыр.

Ерлан Көкеев, әнші, сазгер:

Кез-келген сазды аспап - музыкант үшін жан-дүниесінің бір бөлігі. Ол өзінің баласы сияқты қарайды. Бұл жәй ғана аспаптар емес, кәсіпқой музыканттарға арналған бағалы дүниелер. Алматыға келген соң гитараның кофрінің бірнеше жерден сынғанын көріп, таң қалдым. Себебі ол арнайы жолда тасымалдауға арналған мықты материалдан жасалған. Ол лақтырғаннан сынбайды, оларды кәдімгі күштеп бүлдіргенін сезіп тұрмын