Негізгі / Жаңалықтар / Н. Назарбаев Америка сапары бойынша нақты тапсырмалар берді

Н. Назарбаев Америка сапары бойынша нақты тапсырмалар берді

Америка сапары кезінде қол жеткізген уағдаластықтарды, ізін суытпай іске асыру керек. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа ресми сапарын қорытындылап, кеңес өткізді.

"Сапар табысты болды. Ең бастысы, нақты мәселелер бойынша нақты уағдаластықтарға қол жеткіздік", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Және оларды жүзеге асыру үшін бірқатар нақты тапсырма берді. Сонымен қатар Қазақстан Президенті шетелдік компаниялармен экономикалық ынтымақтастықты нығайтып, дамыту жөніндегі міндеттерді іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Ел үшін, халқымыз үшін өте табысты нәрселер бар. Келіскен сөздер бар. Американың үлкен компанияларының келеміз деген уәдесі бар. Саяси жағынан үлкен қолдау бар. Қазақстанның өңірдегі орыны, рөлі атқарып отырған, болашақта бірге істейтін шаруалар - бәрін пысықтап, әдейі тапсырмалар беруіміз керек.