«Барыс» хоккей клубының су жаңа капитаны болып канадалық форвард Найджел Доус таайындалды. Ол өз карьерасын аяқтаған Брэндон Боченскиді алмастырып отыр. Аталмыш клубтан көрермендер көзайымына айналған Дастин Бойдта «Динамо» сапына ауысқан.
Найджел Доус, «Барыс» ХК капитаны:
Енді өзгерістер болары хақ. Себебі бұл хоккей. Ойыншылар келеді, кетіп жатады. Өмір сондай. Бірақ бұл біздің көңілімізге кірбің түсермеуі тиіс. Біз тек алға ұмтылуымыз керек.
Команда
құрамы 70 пайызға жаңарғанына қарамастан, ойыншылар оптимистік көзқарас танытып
отыр. Оның үстіне бапкерлер құрамы да тың тактиканы енгізіп жатқан көрінеді.
Оның нәтижесін алда келе жатқан Елбасы кубогында байқауға болады. Жанкүйерлер
жаңа құраммен ЭКСПО - 2017 көрмесі алаңында танысты. Ойыншылар сондай-ақ жаңа
формасының да үлгісін көрсетіп үлгерді. Клубтық хоккей лигасының 10-шы маусымы
24 тамызда басталады. Астаналықтар өз
алаңында мәскеулік «Спартакты» қабылдайды.