$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Трампқа қастандық жасалды

Трампқа қастандық жасалды

"Менің қызметім ең қауіпті". Өзіне жасалған қастандықтан кейін Трамп брифингте осылай деді. АҚШ Президенті оққағарлары барда ешкімнен қорықпайтынын мәлімдеді. Ал, Иранмен енді ешқашан келіссөз жүргізбеймін, - деп ашуға булықты. Тіпті, бірнеше инфрақұрылымдық нысандарды жарып жіберемін деп сес көрсетті. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Құпия қызметтің Трампты және вице-Президенті Джей ди Вэнсты күштеп шығарған бұл видео бүкіл әлемге тарады. АҚШ Президентіне қайтадан қастандық жасалды. 6 рет атса да бірде-бір рет дәл көздей алмаған 31 жастағы Калифорниялық журналист Коул Томас Аллен болып шықты. Жылда болатын тілшілермен салтанатты кешке қаскөй де шақырылған. Сондықтан, бірнеше тексеруден еш күдік туғызбай өткені байқалады. Тек соңғы сәтте оққағарлардың өздерін атты. Нәтижесінде, бір Құпия қызмет агентіне оқ тиді. Абырой болғанда, оқсауыт бар соққыны өзіне қабылдаған. Трамп болса, ешқандай қастандықтан қорықпайтынын мәлімдеді.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Менің жұмысым ең қауіпті. Біз жүргізген сауатты саясатты ұнатпайтындар да бар. Бірақ, Құпия Қызметтің батыр агенттері барда мен ештеңеден қорықпаймын. Бұл – жай ғана менің жұмысымның бір бөлігі.

Трамп Иранға да ашуланды. Енді мүлдем олармен келіссөз жүргізбеймін, - дейді АҚШ Президенті. Тіпті, досы Стив Уиткофф пен күйеу баласы Джаред Кушнерді Пәкістаннан қайтарып алған.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Келіссөзден қарағанда жолға көп уақыт кетеді. Мен оларға рақымшылық танытуға тырыстым. Олар да түсінгендей болып еді. Тіпті, ұсыныстарын да жіберді. Бірақ, менің көңілімнен шықпады. Барлығын қырып тастаған соң, лайықты серіктес те қалмады. Өз арасында да қырылып отырған көрінеді. Басымдық менің қолымда екенін де ұмытпаңдар.

Иран Ормуз бұғазындағы екі кемеге шабуылдағаннан кейін, АҚШ әскері де қарымта қайтарды. Ирандық мұнайды астыртын шығармақшы болған кемені АҚШ теңіз-жаяу әскер күштері басып алып, экипажын қамауға алды.