$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақжайық арулары саяси көшбасшылар мектебінде тәлім алды

27.04.2026ж. 19:00
Ақжайық арулары саяси көшбасшылар мектебінде тәлім алды

Оралдық қыз-келіншектер "Ақжайық арулары" саяси көшбасшылар мектебінде тәлім алып жатыр. Оқыту жұмыстарын AMANAT партиясының облыстық филиалы жанындағы әйелдер қанаты осымен екінші рет ұйымдастырып отыр.

Мақсат - қыз-келіншектердің қоғамдағы рөлін арттырып, көшбасшы болуға бейімдеу, пайдалы ақпарат беріп, жаңа бағыттарды игерту. Қатысушылар облыс тұрғындарының ішінен іріктелген. Олар кәсіби коучтар мен практик мамандардың дәрісін тыңдап, тәжірибелік тренингтерге қатысады. Бұдан кейін қатысушылар партияның Әйелдер қанатына алынып, өңірдегі саяси процестерге атсалыса алады.

ГАУҺАР ШАЙХИНИЯЗОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БҚОФ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

"Ақжайық арулары" саяси көшбасшылық мектебіне көпбалалы аналар, ауыл әйелдері, сонымен қатар мемлекеттік қызметте қызмет жасап жүрген қыз-келіншектер қатысуда. Ақжайықтық арулар өздерінің қоғамдағы, отбасындағы рөлдерін, сонымен қатар шекара қою, психологиялық көмек беру және де ортада өзін ұстау бағытында түрлі дағдыларды үйренетін болады.