$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Қарағанды этнопаркіне 1500 ағаш егілді

27.04.2026ж. 19:00
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Қарағанды этнопаркіне 1500 ағаш егілді

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Қарағанды этнопаркіне 1500 ағаш егілді. 5 мыңнан астам қала тұрғыны, жастар республикалық ағаш егу сенбілігіне белсене қатысты.

Экологиялық акция аясында Президент Қасым- Жомарт Тоқаев   жастарды экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шақырып үндеу жолдады. Қарағандыда бұл бастаманы қолдаушылар- қоғам белсенділері, жастар мен ерікті тұрғындар қаладағы Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы этнопаркте жиналып, көгалдандыру науқанына қуана қатысты. Олар қарағай, қайың, және теректің бір жарым мың түп көшетін екті. 

СҰЛТАН ШАЙМАҒАНБЕТ, «ЖАСЫЛ ЕЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШТАБЫНЫҢ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЖЕТЕКШІСІ:

Басты мақсаты - облысымыздың тұрғындарын экологиялық тазарту шараларына қатысуға, табиғатымызды аялауға, қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған. «Таза Қазақстан» - экологиялық қана емес, пиғылының ниетінің таза болуы осы акциядан басталады деп ойлаймын.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қарағандылықтардың туған жерге деген жанашырлығы мен жасыл қала қалыптастыруға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

ЕРМАҒАНБЕТ БӨЛЕКПАЕВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Күнделікті жұмыс «Таза Қазақстан» деген. «Арың таза болса бәр жерде таза болады» дейді қазақ. Сондықтан аула, үй, подъезд, аудан, ауыл, қала өз жанымызды таза ұстасақ бәр жер таза болады. Осы акцияға белсенді қатысуға шақырамыз, рақмет айтамыз.

Этносаябаққа Қарқаралы ұлттық паркінен әкелінген 200 түп ырғай көшеті егілді. Бұл бастама арқылы қызметкерлер «Таза Қазақстан» халықаралық «Саябақтар маршы» акциясымен үндесетінін көрсетті. Белсенділердің айтуынша қаланы көгалдандырыу бір күндік емес, жыл бойы жалғасады.