$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда «TURGYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында қалалық форум-семинар өтті

AstanaTV
28.04.2026ж. 19:00
Алматыда «TURGYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында қалалық форум-семинар өтті

Алматыда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған форум-семинар өтті. Жиын «TURGYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында ұйымдастырылды. Кездесу барысында көппәтерлі үйлерді басқару жүйесін жетілдіру, тұрғындардың белсенділігін арттыру мәселелері көтерілді. Сондай-ақ, тұрғындармен тұрақты кері байланыс орнатуға ерекше назар аударылды. Қатысушылар арасында ашық пікір алмасу өтіп, партия қатарына жаңа мүшелер қабылданды. 

ЕРЖАН ЖЫЛҚЫБАЕВ, «АMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Қала құрылысына қойылатын талаптарды күшейту, көгалдандыруды дамыту көлік инфрақұрылымын жаңғырту, сондай-ақ мектептер мен балабақшалар санын арттыру бағытындағы шешімдер тұрғындардың қолдауына ие болып отыр. Ал тұрғын үй құрылысы да қарқынды жүргізілуде. Жыл басынан бері 754 мың- нан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, мыңдаған отбасы баспаналы болды. Бұл өңір экономикасына оң серпін беріп отырған айқын көрсеткіш.