$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Трампқа қастандықты ұйымдастырған адам табылды

Трампқа қастандықты ұйымдастырған адам табылды

Трампқа қастандықты Федералды Тергеу Бюросының бұрынғы басшысы Джеймс Коми ұйымдастыруы мүмкін. АҚШ Президентінің өзі Ұлыбританиямен қарым-қатынасты қайта жандандырмақ. Ол үшін Король отбасын Ақ үйге шақырып, Ұлыбританиядан асқан досымыз әрі одақтасымыз жоқ, - деп, асты-үстіне түсті. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Инстаграмдағы постқа бола, Трампқа қастандықты ұйымдастырды деген айып тағылды. Демалыс күндеріндегі атыстың артында Федералды Тергеу Бюросының бұрынғы басшысы Джеймс Коми тұр деп, билік өкілдері мәлімдеме жасап үлгерді. Айта кетейік, Джеймс Коми Федералды тергеу Бюросын 2017-і жылға дейін басқарып, Трамп таққа отыра сала жұмыстан қуып жіберген еді.

ТОДД БЛАНШ, АҚШ БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Джеймс Комиге Солтүстік Каролина штанының прокуратурасы 2 пункт бойынша ресми айып тақты. Біріншісі, ол әлеуметтік желі арқылы қасақа біреудің денсаулығына зиян келтіруге және өлтіруге арандату. Екіншісі, АҚШ Президентін өлтіремін, - деген ұғымды білдіретін символдық хабарлама қалдырды.

Жыл басынан бері бет көріспестей ұрысқан Ұлыбританиямен қарым-қатынасты қайта жақсартпақ. Трамп Ақ үйде Король Чарльзды қабылдады. Кенеттен, АҚШ Президенті осыған дейін айыптап, балағаттамағандай британ халқын мақтап, мадақтай жөнелді. Тіпті, Иран бойынша менімен келісті, - деп, ризашылығын білдірді.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Менің Британ Король отбасына деген сүйіспеншілігім ерекше. Анам бұрын Елизавета патшайымды көрсеткен кезде, теледидарға телміріп, көз алмайтын еді. 2 ғасырдан астам уақыт бұрын тәуелсіздік алсақ та, әркез бірге болдық. Тарихымыз да, тамырымыз да бір. Жауларымыз да бір болды. Әскерлеріміз иық тіресіп, соғысып келді.

Америкадан безіп, ешқайда бара алмаймыз. Одан басқа одақтас жоқ. Ұлыбритания Королі Чарльз осылай деді. Бұл сөзін, патша Ақ үйде де, Конгресстің бірлескен отырысында да қайталады. Тіпті, өз үкіметінің жұмысын аздап сынап, Трамптың айтқанымен келісетінін жеткізді.

ЧАРЛЬЗ III, ҰЛЫБРИТАНИЯ КОРОЛІ:

Ұлыбритания мен АҚШ арасындағы одақ – тарихтағы ең маңызды одақ деп айтсам артық емес. Қазіргі, жаһандық процесстер, қауіп-қатерлер мүлдем басқаша қадамдарды талап етеді. Осы ретте, Президент Трамптың әрекеттері орынды деп нық сеніммен айта аламын. Қос мемлекет басшылары бұрынғыша иық тіресе жұмыс істеуі керек.

Трамп танымал Америкалық тележүргізуші Джимми Киммел жұмыстан кетсін деп талап етті. Ол жуырдағы қастандықтан кейін, бірінші леди Мелания Трампты  «Болашақ жесір» деп мазақ еткен. Қазірдің өзінде, АБС телеарнасына қысым жасала бастады.