$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ресейде болған қар көшкінінен қазақстандық азамат қаза тапты

Ресейде болған қар көшкінінен қазақстандық азамат қаза тапты

Ресейдегі қар көшкінінен  қазақстандық қаза тапты. Бурятияда жергілікті кен орнында 9 адам жол тазалау жұмыстары кезінде көшкін астында қалған.  3 адам өз бетімен шықты. Қалғандарының денесін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Еліміздің Сыртқы ІСтер Министрлігі ақпаратты растап, жағдайды бақылау үшін көршілес елдің органдарымен байланыста екенін мәлімдеді. Ирокинда елді-мекенінен 13 шақырым жерде қаза тапқан отандасымыздың 1990 жылы туғаны ғана белгілі.