$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Мұғалімдер енді балаларға мектептен тыс уақытта жауапты болмайды

Мұғалімдер енді балаларға мектептен тыс уақытта жауапты болмайды

Мұғалімдер енді балаға мектепте жүргенде ғана жауапты болады. Педагогтердің құқығын қорғауға қатысты заң жобасын мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады. Оқушылар жазда, кешкі уақытта немесе демалыс күндері құқық бұзушылық жасаған немесе келеңсіз оқиғаларға тап болса, мұғалімді кіналайды. Сондықтан мектеп директорлары мен мұғалімдері жазаланды. Тіпті жұмыстан шығаруға дейін барды. Бұл - әділетсіздік дейді депутат Асхат Аймағамбетов. Сондықтан заң жобасына   ұстаздарды бұл жауапкершіліктен босату секілді, педагогтардың құқығын қорғайтын нормалар енгізілген.

АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Педагог балалардың өмірі мен денсаулығы үшін тек оқу-тәрбие процесі кезінде және өзінің лауазымдық міндеттері аясында ғана жауапты болуы керек. Жазғы демалыс ата-ананың жауапкершілігі, түнгі уақыт ол да ата-ананың жауапкершілі, демалыс күндері де ата-ананың жауапкершілігі.