$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырау облысында ағайынды екі жігіт ауылдасын атып кетті

Атырау облысында ағайынды екі жігіт  ауылдасын атып кетті

Атырау облысында ағайынды екі жігіт  ауылдасын атып кетті. Оқиға Индербор кентінде болған.  30 жастағы азаматтың ауласында  жанжал басталып, текетірес барысында екі жігіт травматикалық қарумен оқ атып, қашып кеткен. Абырой болғанда зардап шегуші дін аман. Қолы, жағы мен кеудесінен жарақат алған.  Азаматқа аудандық ауруханада дереу операция жасалды. Қазір хирургия бөлімшесінде ем алып жатыр. Ал күдікті - 2003 және 2004 жылғы  ағайынды жігіттер,  қазір тергеу абақтысында. Полиция қылмыстық іс қозғады.

МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Құқық бұзушылыққа жол берген барлық күдіктілер ұсталып, жедел қамауға алынды. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып,  кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.