Шымкентте қаза тапқан Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты күдіктінің есі дұрыс. Сараптама қорытындысы шыққан. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері аяқталуға жақын. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді. Күдікті заң алдында жауап береді.
САНЖАР ӘДІЛОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Тергеушінің бастамасымен күдіктіге сот-психаториялық сараптама тағайындалды. Қорытындысы шықты. Күдікті заң алдында ақыл-есі дұрыс тұлға ретінде жауап береді.