$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астана мен Алматыдағы Центркредит Банкінің бөлімшелері тәулік бойы жаңа форматта жұмыс істейді

AstanaTV
30.04.2026ж. 19:00
Астана мен Алматыдағы Центркредит Банкінің бөлімшелері тәулік бойы жаңа форматта жұмыс істейді

Енді несие алып, ақша аударуға "Айбек" көмектеседі. Бұл - ЦентрКредит Банкінің тәулік бойы жұмыс істейтін бөлімшелеріндегі ақылды қосымша. Алгоритмге негізделген жүйе ел азаматтарына көмегін ұсынады. Әзірге пилотты жоба Астана мен Алматыда жұмысын бастаған. Оның қандай артықшылықтары бар? Тілші тарқатсын.

Иә, енді көпшілік уақытын үнемдейді. Бұрынғыдай банкке келіп, кезек күтпей, қызметтерді арнайы маманның көмегінсіз өздігінен пайдалана алады. Банк Президентінің пікірінше, Phygital бөлімшелер физикалық әрі цифрлық қызметтерді біріктірген жаңашыл жүйе болады.

РУСЛАН ВЛАДИМИРОВ, ЦЕНТРКРЕДИТ БАНКІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қазіргі таңда банктер тек қаржы институты емес. Сонымен қатар үлкен технологиялық компанияларға айналуда. Көп қызметтер банктің қосымшаларында ашық. Экожүйеде. Сонымен қатар, енді оффлайн қызмет көрсетуде осындай бөлімшелерде өткізілуде.

ЦентрКредит Банкінің жаңа бөлімшелері үш аймаққа бөлінген. Кіреберісте орналасқан жасанды интеллект ассистенті азаматтың сұранысын анықтап, қажетті аймаққа бағыттайды.  Сонымен бірге, мұнда банкоматтар, төлем терминалдары, анықтамалар мен көшірмелерді өздігінен басып шығаруға арналған көпфункционалды құрылғылар орналасқан.

ДИНА СЕЙТКАЗИНОВА, ЦЕНТРКРЕДИТ БАНКІНІҢ АСТАНАДАҒЫ ФИЛИАЛ ДИРЕКТОРЫ:

Жасанды интеллекттен кеңес алуға болады. Біздің көмекшіміздің аты Айбек. Онымен қазақша да, орысша да сөйлесе аласыз. Мысалы, чатта: «Айбек, депозитті қалай ашамыз?» деп сұрасаңыз, ол толық нұсқаулық беріп, әр қадамды түсіндіріп отырады. Оның берген жауабын оқып немесе Айбектің айтқанын тыңдасаңыз болады. Цифрлық ассистент депозит, қаржы бағамы, несие жайлы да ақпарат береді. 

Әзірге бұл формат пилоттық негізде Астана мен Алматыда бастау алды. Егер тәжірибе табысты болып жатса, өзге өңірлерден филиалдары ашылады. 24 сағат қызмет ететін банк бөлімшелерінің тағы бір артықшылығы бейнебайланыс арқылы да кеңес алуға болады. Сонымен бірге сауалға жауап пен керек деректі кеңседегі мамандардан сұрау мүмкіндігі бар.

ГҮЛЖАМАЛ АЙНАБЕКОВА, ⁠ЦЕНТРКРЕДИТ БАНКІНІҢ PHYGITAL БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚАРЖЫ КЕҢЕСШІСІ:

Біз клиенттерге мобильді қосымша арқылы аударымдар жасауға көмектесеміз. Цифрлық карта ашуға болады. Шет елдерге аударымдар. Аударымдардың барлығын жасаймыз мобильді қосымша арқылы. Және де үлкен сумма қабылдайтын депозитті машина бар. 100миллионға дейін қабылдауға болады. 15 минуттың ішінде толтыруға болады.

Жасанды интеллекті бар мұндай жүйелер банк қызметін жаңа деңгейге көтеріп отыр. Айбек сияқты көмекшілер тұтынушылардың сұрақтарына жедел жауап беріп, қажетті ақпаратты оңай әрі түсінікті түрде ұсынады. Нәтижесінде қызмет көрсету үдерісі жылдамдап, халыққа барынша ыңғайлы бола түседі.