Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

«Автобус» жедел-алдын алу шарасы барысында 150-ге жуық тәртіп бұзушылық анықталды

AstanaTV
01.02.2018ж. 20:00
2394
«Автобус» жедел-алдын алу шарасы барысында 150-ге жуық тәртіп бұзушылық анықталды

Автобуста өртеніп кеткен Өзбекстан азаматтарының өлімінен соң қолға алынған "Автобус" шарасы кезінде Павлодарда 150-ге жуық тәртіп бұзушылық анықталған. Полицейлердің айтуынша, бұл он күннің ішіндегі көрсеткіш. Мамандардың айтуынша, көбіне заң бұзушылыққа жол беретін жүргізушілер көрінеді.

Серік Жұмалиев, Павлодар облыстық ІІД жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшысы:

Техникалық талаптарға сәйкес келмеу, жолаушылар тасымалын тиісті келісімшартсыз жүзеге асыру сынды тәртіп бұзушылықтар болды. Тіпті, автобустарды айыппұл тұрағына қамаған да деректер бар. Осы уақыт аралығында көлікті сақтандыру полисінсіз басқарған 4 автобус айыппұл алаңына қойылды.

Бүгін «Ертіс» бақылау бекетінде екі автобус тоқтатылды. Оның бірінде Ресейге бет алған қырғыз азаматтары болса, екіншісі Павлодар-Екібастұз бағытындағы жолаушылар автобусы. Төтенше қызмет өкілдері соңғысынан өрт сөндіретін құралдың салонда емес, жүк салатын орында жатқанын анықтады.