Негізгі / Жаңалықтар / «Ақтөбе» футбол клубы 6 ойыншыға қарыздарын өтемеген

«Ақтөбе» футбол клубы 6 ойыншыға қарыздарын өтемеген

Ақтөбе» футбол клубы 6 ойыншыға берешегін әлі өтемеген. Бұл туралы біздің тілшілерге облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрлыбек Жүсіпов айтты. Оның дерегінше, мәселенің шешілу жолдары қарастырылып жатыр. Бірінші кезекте ол футболшыларды командада қалдырып, қарыздарын кезең-кезеңмен өтеу көзделуде. Алайда, облыстың бас спортшысы клуб берешегінің көлемін айтудан қашқақтап отыр. Бұған дейін клуб басшысы болып тағайындалған Самат Смақов та бірқатар ақпарат құралдарына: «Команданың қарызы бір жылға бөлінген қаржыдан да асып кетеді», - деген болатын. Белгілісі, биыл клубқа 2 миллиард теңге бөлінген. Қазір «Ақтөбе» клубының мүшелері Түркияда оқу-жаттығу жиынында жүр. Алдағы маусымда командаға ел чемпионатында алдыңғы алтылықтан көріну талабы қойылып отыр.

Нұрлыбек Жүсіпов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

«Ақтөбе» футбол клубының қарыздары бар. Ол тұрғыда жұмыстар жасалып жатыр. Биыл мәселелердің бәрін толық шешеміз деген ойдамыз. Қазір қарызы... әр түрлі әр футболшының алдында. Қазір есімде жоқ, әрине.