$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Шымкенттік тұрғын мас күйінде және жүргізуші куәлігінсіз бөтен көлікті айдап кеткен

Шымкенттік тұрғын мас күйінде және жүргізуші куәлігінсіз бөтен көлікті айдап кеткен
Polisia.kz

Шымкенттік тұрғын мас күйінде және жүргізуші куәлігінсіз бөтен көлікті айдап кеткен. Шымкент қаласында полицейлер болуы мүмкін қайғылы оқиғаның алдын алды. Кезекші бөлімге қала тұрғынынан автокөліктің ұрланғаны туралы хабарлама түскен. Оқиғаға байланысты "Ұстау" арнайы жоспары енгізіліп, патрульдік полиция экипаждары жедел түрде бағытталды. Іздестірілген көлік көп ұзамай қала көшелерінің бірінен анықталып, тоқтатылды. Тексеру барысында көлік тізгінінде арызданушының туысы отырғаны белгілі болды. Ол автокөлікті мас күйде әрі жүргізуші куәлігінсіз басқарған. Сонымен қатар құқық бұзушы полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған. Жедел әрі үйлесімді әрекеттің нәтижесінде қауіпті жағдай дер кезінде тоқтатылып, көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Аталған дерек бойынша көлік құралын заңсыз иелену фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Полиция құқыққа қайшы кез келген әрекет заң аясында қатаң түрде тоқтатылатынын ескертеді.